С.Сейфуллин атындағы орта мектепте 2019 жылдың 27   қыркүйек  күні қамқоршылық кеңесін құру туралы өткізілген жиналыстың  

хаттамасы № 1

Қатысқандар- 160

Қатыспағандар: 31
                                                    Күн тәртібінде:

  1. Қамқоршылық кеңес құру туралы

       Хабарламашы: Р.Курганбаева, мектеп директоры

  1. Қамқоршылық кеңестің жұмыс бағыттары

Хабарламашы: А.Жұмырова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе негізінде мектеп директоры Р.Курганбаева сөз алды.

  • Аудандық білім бөлімінің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44-бабының 9-тармағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым миннистрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес «Қамқоршылық » кеңесін құру қажет деп табылып отыр.   Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен және жалпы ережелерімен таныстырды:
    1 - тарау. Жалпы ережелер 1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
         Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.
          Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
         Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
    Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
    1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
    2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
    3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
    4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
    5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса)туралы таныстырып ,түсіндірілді.

    

Күн тәртібіндегі  2-мәселе негізінде сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жұмырова алды.

-Қамқоршылық кеңес–қоғамдық білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты білім беру мекемесін дамытуға м.дделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңестің мақсаттары: Білім беру ұйымына қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Ал Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарына тоқталсақ: мектепте білім беру ұйымының білім беру, әлеуметтік –мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту бағыттары. Мектеп бойынша құрылған қамқоршылық кеңес құрамы аталған негізде жұмыстар жүргізуі керек.

Сөйлеушілер:
Ж.Науанова –ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы:

  • Мектепте қамқоршылық кеңестің құрылуы ерекше қажет деп есептеймін. Егер мектептің әлеуметтік жағдайын зерделеп қарасақ, қаншама оқушы көмекті  қажет етеді,мектепке демеушілер қажет деді. Аз қамтылған азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде кеңестің қызметі зор.

Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмектер ұйымдастыруда және балаларымызға  жаңа жыл шыршасын өткізуде, наурыз мейрамында  қолдайтын демеушілер іздестіруде, қайырымдылық акцияға қаржылай көмек беруде, жинақталған қандайма қаржыны  ұқыпты жұмсайтын қамқоршылық кеңес болуы керек.  

Күн тәртібіндегі мәселелер талқылана келіп, төмендегідей қаулы қабылданды:

ҚАУЛЫ:
1.2019-2020 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыс жоспары негізінде мектепте төмендегідей құрамда қамқоршылық кеңесінің құрамы  бекітілсін:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Есқалиев Марат, жұмыссыз;
Қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары- Кадыров Ербол, 
Мүшелері:
1.Сарсенов Бекболат

2.Дюсенбиев Сәттібек

3.Кусмаганбетов Саламат

4.Жандалиев Нурлан

5.Аухатов Асхат

 

Жиналыс төрағасы :                                                    Р.Курганбаева

            Жиналысы хатшысы :                                                А.Жумырова