Хаттама №2
8 қараша 2019 жыл
С.Сейфуллин атындағы орта мектепте қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді
Қатысқандар- 8
Қатыспағандар: 0
Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жумырова қатысты. .
Күн тәртібінде:
1.Дәстүрлі өткізілетін Президент шыршасына қатысатын оқушыларды ұсыну туралы
Хабарламашы: А.Жумырова- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе негізінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жумырова алды.
Құрметті жиналысқа қатысушылар, қамқоршылық кеңесі мүшелері, сіздердің қатысуларыңызбен бүгін біз Атырау облысы Білім беру басқармасының жыл сайын өткізілетін дәстүрлі Президенттік шыршасына қатысатын жетім, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардың оқушыларын анықтау мақсатында жиналып отырмыз. Президенттік шыршаға қатысушы оқушының міндетті түрде сабақ үлгерімі жақсы болуы, өнерде, спортта жетістіктері болуы және 9-13 жас аралығындағы жасөспірім болуы шарт. Сонымен бірге қатысушы бұрын мұндай шараға қатыспаған оқушы болуы керек.Біз сіздерге осындай шарттар талаптарына сәйкес келетін мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардың бірнеше оқушысын ұсынып отырмыз. Осы оқушылар ішінен 2 оқушыны Президент шыршасына ұсынуға тиістіміз.
- Сарсенов Бекболат- кеңес мүшесі:
Берілген оқушылар тізімімен таныса отырып, Президент шыршасына қатысушы 2 оқушыны әділ түрде анықтауға тиіспіз. Мен өзім осы шараға 2007 жылы туған 7 сынып оқушысы Бақытжанов Сабыржанды ұсынамын. Бұл оқушы әрі аз қамтылған отбасы санатына, әрі жартылай жетім отбасына жатады. Жетістіктері де сәйкес келеді екен . Сабыржан оқу екпіндесі. Ақындық өнер, домбыра үйірмелеріне, футбол секцияларына қатысып, аудандық сайыстарда жүлдегер танылып жүрген оқушы екен.Осы 7 сыныбында өзімнің қызым оқиды, өтетін шараларда
- Дүйсенбиев Сәттібек – кеңес мүшесі:
Мен қамқоршылық кеңес мүшесі ретінде 4 сынып оқушысы Ислямғали Мөлдірді ұсынамын. Бұл оқушы әрі аз қамтылған отбасы санатына, әрі көп балалы отбасынан. Оқу үздігі, өнер мектебінің қобыз үйірмесінің қатысушысы, аспапта орындаушылар мен вокал кластары бойынша өткізілген байқаулардың жүлдегері, V Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестивалінің І дәрежелі дипломмен марапатталған. Осыны ескерейік.
3.Кадыров Ербол – кеңес мүшесі: Президент шыршасына қатысуға ұсынылған оқушыларды жиберуге толықтай келісемін, өткені екі бала да әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардан шыққан. Сонымен бірге өнерлі, белсенді оқушылар екен.
Күн тәртібіндегі мәселелер талқылана келіп, төмендегідей қаулы қабылданды:
- Дәстүрлі өтетін Президенттік шыршаға 7 сынып оқушысы Бақытжанов Сабыржан мен 4 сынып оқушысы Ислямғали Мөлдір қатыстырылсын.
- Оқушылар туралы керекті мәліметтерді жинақтап ,қатысуын қамтамасыз ету сынып жетекшілері Ұ.Бисенғалиева мен Г.Жұмагуловаға жүктелсін.
Жиналыс төрағасы : М.Ескалиев
Жиналысы хатшысы : Н.Жандалиев