Азаматтардың белсенділігін жоғарылату, әкелерді ұл бала тәрбиесіне назар аударту мақсатында "Асқар тау,тірегімсің - Асыл әке" атты әкелер семинары өтті.
Шараға аудандық әкелер қоғамдық кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Өтепқали қатынасты. Мектеп директоры С.Ешмуханбетов шара шымылдығын ашып, өз тілегін білдірсе, мектебіміздің әншілері Мөлдір мен Махаббат Ажибаевалар әннен шашу шашты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шүйінішқалиева мектеп пен әкелер арасындағы бүгінгі күнгі байланыс жайында баяндама оқыса, сынып жетекші Р.Баймухатова сыныбындағы әкелермен байланыс жұмыстары жайлы айтып өтті. Тәжірибелі сынып жетекшілер Р. Есенгазиева мен А.Жумалиева әкелерді топқа бөліп, коучинг өткізсе, Г.Сарсенгалиева,А.Бектурсынова, А.Ғарифуллина ұйымдастырған "Сыр сұхбат" ток шоуының қонағы 4 ұл,4 қыз тәрбиелеп өсірген үлгілі әке, ардагер ұстаз Сайфолла Ешмуханбетов және мектептегі үздік ұлдардың әкесі Есенжан Енбаевпен сырлы сұхбат жүргізілді. Өнерлі әкелеріміз дің бірі Оңғарсын Есенаманұлы ортаға әке туралы әсем ән шырқап берсе, белсенді әке Р.Әділбаев және бір топ оқушылар жырдан шашу шашты. Мектеп психологы А.Жалгасбаева әкелерге сергіту сәтін өткізді. Шара соңында "Менің әкем осындай" тақырыбындағы эссе,шығармалар және сурет, қолөнер байқауы қорытындыланып, марапатталды.
https://shsiranov-inder.edu.kz/kz/zha-aly-tar/109-as-ar-tau-tiregimsi-asyl-ke.html#sigFreeId49ead1f771