«Ана – сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді халқымыз, Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.

 

Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз. Мектебiмізде 5 сынып оқушылары әкелерінің қатысуымен "Әке-шешесі отбасының тірегі" атты тәрбиелік шара өтті. Сынып жетекшілер: Райгул Баймухатова Гаухар Долданова