Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса, жарайды қылса сұхбат 


Мектебімізде 9-11 сыныптар арасында "Қазақ баласы осындай" тақырыбымен ұлдар байкауы өтті. Байқауға қатысқан ұлдар өздерін таныстырудан бастап, өнер, қамшы өру, нысанаға көздеп ату, қайым айтыс, білім бойынша бақтарын сынады.Нәтижесінде 9 сынып оқушылары Максатов Думан мен Жалғас Алпамыс 3орынды, 11 сынып оқушысы Едигеев Әли 2орынды иеленсе, 1 орынға лайықты деп сегіз қырлы, бір сырлы, 10 сынып оқушысы Қуанғалиев Жастілек танылды.