Қуаныштың ағайын Қоңырауын қағайын Қуандырып біздерді Өлкемізге күз келді!


Мектебіміздегі "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 5-8 сыныптар арасында "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атты байқау өткізілді.4 бөлімнен тұратын байқауға оқушылар белсене қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 8 а сыныбы және 7 а сыныбының жұбы Алғыс хатқа ие болса, 6 "ә" сынып оқушылары Төлеген Ажар мен Серікқали Ердәулет 3 орынды, 5"ә" сынып оқушылары Қайырбай Қуаныш пен Елеусін Гүларша 2 орынды алды.Ал "Күз ханзадасы мен ханшайымы" атағын 7 ә сынып оқушылары Әзімгерей Ізбасар мен Маратова Жұпар иеленді.

.